04.10.2016
«Ресейден келген делегаттар ЭКСПО нысандарын аралады, бизнес форум алаңында екі елдің 900 кәсіпкері 27 млрд доллардың 40 бірлескен келісіміне қол қойды. Өңіраралық форум аясында ресейлік губернаторлар өңірлердің әкімдерімен кездесіп, ынтымақтастық туралы келісім орнатты», - деді Н.Назарбаев.
Мемлекет басшысы өңіраралық бастамаларға қолдау көрсеткені үшін құрметті қонаққа алғыс айтып, аталмыш форум екі елдің арасындағы экономикалық және сауда қарым-қатынасын нығайтатынына сенім білдірді.
«Мен кеше Оренбургте бизнес өкілдерімен кездестім, олар тікелей Қазақстанмен жұмыс істеп жатыр, сауда өте белсенді жүзеге асырылып жатыр. Өзара қызығушылық та бар. Біздің компаниялар Қазақстанға өнім жеткізіп, Қазақстаннан да өнім алады. Осы орайда айта кететінім, бүгін таңдалған тақырып, көліктік және логистикалық құрылым экономика саласындағы жағдайларды дамытуға мүмкіндік береді», - деді РФ басшысы В.Путин.
Ресей Федерациясының басшысы атап өткендей, Астанаға бизнес форумға қатысуға 400 ресейлік кәсіпкер келді.
Айта кетейік, Астанада Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының XIII форумы өтіп жатыр. Форумға ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин қатысуда.Форум аясында іскерлік кеңес өтіп, жалпы құны 25 млрд долларлық келісімдерге қол қойылады. Басқосуға Forbes және Global-2000 тізімдеріне енетін ірі компаниялардың жетекшілері шақырылды. Жалпы, қазір екі ел капиталының қатысуымен 6 мыңға жуық кәсіпорын жұмыс істейді.