• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
«Бәйтерек» холдингі мен ЕАДБ қазақстандық экспорттаушыларды бірлесіп қолдайтын болады 04.10.2016

Қазақстан тарапынан құжатқа – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Ерболат Досаев, ресейлік тараптан Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Дмитрий Панкин қол қойды.

Келісім шеңберінде «ҚазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) және Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) Еуразиялық экономикалық одақ аясында және одан тыс тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің экспорттық тәуекелдерін сақтандыру қаражаты бойынша қазақстандық экспорттаушыларды бірлесіп қолдайтын болады. Осы мақсаттарға ЕАДБ қазақстандық өндірушілердің экспорттық операцияларын қаржыландыруға шамамен 100 млн. АҚШ долларына жуық қаражат бөледі.  

«Бірлесіп ынтымақтастық жасау үшін әлеует зор. Бүгінгі таңда экспортты қолдаумен, бір-бірін нарықтарға ілгері жылжытумен, бірлескен кәсіпорындар ашумен байланысты жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Жаңа тәсілдерді, арнайы өнімдерді, өзара кредиттік желілерді қолданатын уақыт келді. «Бәйтерек» холдингі кез келген қолдау көрсетуге дайын», - деп айтып өтті «Бәйтерек» холдингінің басшысы Ерболат Досаев.

Сондай-ақ, «Бәйтерек» холдингінің басшысы Ерболат Досаев және Ресей экспорт орталығының бас директоры Петр Фрадков өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандум шеңберінде тараптар өнеркәсіптің дамытуға өзара күш жұмсалатын басым секторларын айқындады: тамақ өнімі өндірісі, агрохимия, автокөлік құралдары мен олардың қосалқы бөлшектері, ауыл шаруашылығы техникасы, тау-кен, мұнай өндіру және мұнай өңдеу өнеркәсібі жабдығы өндірісі, құрылыс материалдары, қара және түсті металлургия өндірісі.


Back to the list