• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Астанада Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының  форумы өтеді 03.10.2016

Форум аясында Forbes және Global-2000 тізіміне кіретін қазақстандық және ресейлік жетекші компания басшыларының қатысуымен Қазақстан-Ресей бизнес-форумын өткізу жоспарлануда, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрлігі.

Форум қортындысында экономиканың басым секторларына қатысты жобалар бойынша отыздан астам келісімге қол қойылады, деп күтілуде. Олардың қатарына тамақ өнеркәсібі, химия, металлургия, инновациялар, машина жасау, фармацевтика және құрылыс материалдары өндірісі салалары жатады.

Сонымен қатар, көлік-логистикалық әлеует, екі елдің туристік саласы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы сауда саласына қатысты шектеулер мен кедергілерді алып тастау сияқты екіжақты ынтымақтастың өзекті мәселелерін талқылайтын панельді сессиялар да өтетін болады.


Back to the list