30.09.2016
Қазақстанның Автриядағы елшісі Қайрат Сарыбай Жаңа құрметті консул Петер Зандриссерке консулдық пакет тапсырып, Қазақстан-Австрия ынтымақтастығы жолында табыс тіледі, деп хабарлады СІМ.
Қазақстандық дипломат Оңтүстік Қазақстан облысы мен Каринтия арасындағы серіктестіктің перспективаларын атап өтті.
Австрия Парламентінің депутаты, «Австрия-Орталық Азия» парламенттік тобының басшысы, ЕЫҚҰ Парламенттік ассамблеяның төрағасы Кристин Муттонен ҚР Құрметті консулдығының ашылу маңыздылығын атап өтті.
Каринтия үкіметінің басшысы П.Кайзер Клагенфуртте Қазақстан өкілдігінің мекемесін қолдап, ОҚО-мен ынтымақтастық жасауға мүдделі екендерін жеткізді.