28.09.2016
Алматы қалалық әкімдігінде хабарлағандай, шара жүздеген жас өнертапқыштар мен әзірлеушілерді, инвесторлар мен кәсіпорындарды жинады. Сондай-ақ, фистивальге әлемдік IT-индустрияның жетекші компаниялары қатысады - Google, Microsoft, Amazon, GM, Facebook және тағы басқалар.
DLD аясында қалалардың Дүниежүзілік Саммиті өтті. Оның аясында Алматы қ. басшылығы Будапештің вице-мэрі Багды Габор мырзамен кездесу өткізді.
«Одан кейін Йосси Варди инвесторы мен израильдік ірі кәсіпкермен кездесу өтті және олармен келесі жылы Алматы қаласында инновациялық Саммитті өткізу бойынша келісім жасалды»,-деп хабарламада айтылған.
Сонымен қатар, Алматының басшылығы Мәскеу үкіметінің министрі Сергей Череминмен келіссөз өткізді. Оның мақсаты – МЖӘ нысанында бірлескен жобаларды жүзеге асыру, сонымен қатар Алматыда азық-түлік қауіпсіздігін нығайту жөніндегі жұмысты бастау.
Осылайша, Алматының делегациясы инновациялар мен жоғары технологиялар саласында тәжірибе алмасу үшін Иерусалимнің вице-мэрі Офер Берковичпен келіссөздер өткізді.