28.09.2016
«KAZNEX INVEST» ұлттық агенттігінің ақпараты бойынша, сауда миссиясы барысында 13 қазақстандық өндіруші трансформатор, конденсатор, Smart POS терминалдар, шыны шығару, бояу өнімдері, құрғақ құрылыс қоспалары, изоляциялық материалдар, дәрі-дәрмек, медициналық өнімдер, санитарлық-гигиеналық мақсатқа арналған қағаз өнімдері, астық және техникалық тұз өнімдерін таныстырды.
Осыған орай, компания Санкт-Петерборда құрылыс, қала құрылысы және сәулет, энергетика мен инженерлік қамсыздандыру және денсаулық сақтау комитетінде кездесулер өткізді.
Сондай-ақ, «KAZNEX INVEST» хабарлағандай, аталмыш бизнес-форум аясында Санкт-Петерборда қазақстандық компания лак бояу өнімін өндіретін фирмалық дүкенді ашты. Трансформаторлық қондырғы шығаратын компания өңірде қойма ашуды жоспарлауда.