11.02.2015
Елші Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жылдардағы Қазақстанның жетістіктері, сонымен қатар ҚР Конституциясының 20-жылдығын, Қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығын, Қазақ хандығының 550-жылдығын атап өту, сондай-ақ Қазақстанның «АТОМ Жобасы», «G-Global», 2017 жылы Астанада «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесін ұйымдастыру және тағы басқа жобаларды қоса алғанда, ағымдағы ішкі саяси ахуал мен халықаралық аренадағы ынтымақтастығы туралы хабардар етті.
«Анкара Губернаторы Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастық пен ықпалдастықтың жоғары деңгейде екенін атай отырып, олардың екі ел арасындағы стратегиялық уағдаластықтар аясында кемелдену қажеттілігінің маңыздылығын атап өтті», - делінген хабарламада.
Оның айтуынша, Қазақстан салиқалы сыртқы саясатын жүргізіп, экономиканы индустриализациялау және халықтың әл-ауқатын көтеру мәселелері негізінде дұрыс стратегиялық даму жолын таңдай білді. Губернатор ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев тұлғасына өзінің ерекше құрметін білдіре отырып, оның халықаралық бастамалары арқасында өз елінде ғана емес, жалпы дүниежүзінде, ал оның ішінде түркі әлемінде аса құрметке ие екендігін мәлім етті. М.Қылышлар қазақстандықтарды Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығы ҚР Конституциясының 20 жылдығы сияқты мерейтойлы іс-шаралармен құттықтады.
М.Қылышлар: «ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы ассамблеясын құруы оның жеке даналығының және жүргізіп жатқан салиқалы саясатының белгісі деп білемін. ҚР-да этникааралық қарым-қатынастар дамуының фундаменталды институты болып қалыптасқан Ассамблея өңірлік және ғаламдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды фактор болып табылады. Ассамблея өзінің 20-жылдық белсенді жұмысының арқасында жалпыхалықтық және жалпыазаматтық органы болып, конституциялық дәрежеге ие болды. Ассамблея жұмысының тәжірибесі Түркия үшін де өзекті болып табылады», - деп атап өтті.
Сұхбат барысында Губернатор ірі жобалардың құрылысын көздейтін Қазақстанның «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесіне дайындық барысын да жоғары бағалады. Осы орайда, түрік кәсіпкерлері қауымдастығы өкілдерінің көрмеге қатысуын қамтамасыз ету іс-шаралары аясында жан-жақты көмек көрсетуге мүдделі және әзір екендігі туралы мәлім етті.
Сұхбаттастар екіжақты ықпалдастықты кеңейтуді келісті. Елші Губернаторды Қазақстанға сапармен келуге және Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға шақырды.