10.02.2015
«Сенат Төрағасы белгілі қытай дипломатын жоғарғы лауазымға тағайындалуымен құттықтай келіп, Қытайдың АӨСШК-ге табысты төрағалық еткенін атап өтті. Соның арқасында бұл форум беделге ие болды және қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Азия құрылығындағы маңызды факторға айналды», - деп хабарлады Сенат баспасөз қызметі .
Қ.Тоқаев Шанхайда өткен Азиядағы сенім шаралары мен ынтымақтастықты нығайтудың іс жүзіндегі тетіктері әзірленген АӨСШК-нің 4-ші саммитін Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев жоғары бағалайтынын атап өтті.
Гун Цзяньвэй АӨСШК-ні одан әрі дамыту жоспары және оны Азиядағы қауіпсіздік және даму ұйымына өзгерту мүмкіндігі туралы хабардар етті.