09.02.2015
СІМ-дегі кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалары талқыланды.
Тараптар Астана мен Каирдың халықаралық және өңірлік проблемалары бойынша ұқсас ұстанымдары мен Жақын Шығыста болып жатқан халықаралық эксремизм мен лаңкестіктің соңғы оқиғаларын талқылады.
Екі елдің сыртқы істер ведомстволарының өкілдері Қазақстан мен мысырдың БҰҰ мүшелігіне үміткерлерді қолдау келісімін мақұлдады.
Екіжақты сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту мақсатында тараптар Қазақстан-Мысыр үкіметаралық комиссияның өткізілу керектігі жайлы айтты. Сондай-ақ, Қазақстан-Мысыр Іскерлік кеңесінің 4-ші отырысын өткізу жайы да тілге тиек етілді.