10.02.2015
ҚР СІМ хабарлағандай, әңгімелесу барысында К. Жигалов пен Л. Елич екіжақты сауда-инвестициялық байланыстардың маңыздылығын атап өтті. Қазақстандық-канадалық іскерлік Кеңесін жақын арада құру екі мемлекеттің экономикалық әріптестігіне деген тигізер ықпалы зор.
Л. Елич Қазақстанда қызмет ететін канадалық компаниялардың демеушілік қолдауымен іскерлік мағлұматнамалардың басылымын қошаметтеді. Іскерлік мағлұматнама канадалық инвестициялардың ҚР экономикасына тарту мен іскерлік байланыстарының кеңеюіне бағытталған.
Тараптар екіжақты қатынас пен өзекті халықаралық проблематика мәселелерін, соның ішінде, ҚР-ның 2017-2018 жж. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелілігін талқылады. Елші К.Жигалов Министр Л.Еличті ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауының негізгі тезистері жайында хабарлады.