• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Өскеменде ШҚО мен Лион (Франция) қаласының ынтымақтастығы талқыланды (Фото) 09.02.2015

Кездесу барысында меймандарға Шығыс Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылды. Д. Ахметов ШҚО жан-жақты өнеркәсіптік және аграрлық саладағы аймақтың жетістігін айта отырып, серіктестікті нығайтудың маңыздылығына тоқталды. «ШҚО өнеркәсіптік және аграрлық секторда үлкен әлеуетке ие. Әлемде өндірілетін титанның 17 %-ы ШҚО тиесілі. Атомдық энергетиканы жолға қоюда бірқатар ірі жобалар бар. Сондықтан, екі елдің серіктестігін нығайту арқылы нәтижелі жұмыс жүргізуге толық мүмкіндігіміз бар», – деді Д.Ахметов.

Кездесуде сондай-ақ, ШҚО мен Лион қаласының екіжақты серіктестігін дамыту мәселесі талқыланды.

Бағдарлама бойынша Франция делегациясы  Риддер қаласы мен Глубокое ауданын аралап, ШҚО шаңғы демалыс базалары баруы жоспарланған. Сонымен қатар, меймандар А.С.Пушкин кітапханасына барып, француз оқырмандар залында франкфондармен кездесу өткізбек», - делінген хабарламада.


Back to the list