06.02.2015
Елші Литва Украин шиеленісіне, терроризммен күреске, қақтығыс аймақтарындағы бейбіт тұрғындарды қорғауға, жаһандық қауіпсіздікті және адам құқықтарын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлады Сенат.
Одан басқа, Елші комитет төрағасы И.Адырбековтің ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының биылғы ақпандағы Венадағы 14-ші Қысқы сессиясына қатысуы және Қазақстан Республикасының Президентінің Арнаулы уәкілі ретінде 2017-2018 жылдарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстанның кандидатурасын ілгерілету жөнінде Балтық елдеріне жұмыс бабындағы сапарының маңыздылығын атап өтті. Ол сапар аясында жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулер жоспарланып отыр.Сонымен бірге тараптар жүздесу барысында халықаралық ынтымақтастық саласындағы бірқатар мәселелерді талқылады.