04.02.2015
Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, кездесу барысында қазақстандық дипломат екі онжылдық ішінде Қазақстан экономиканың серпінді өсіміне негізделген саяси тұрақтылық пен ұлтаралық келісімнің бірегей моделін құрғанын атап өтті.
Б. Жұмаханов ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жаңа «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жолдауының негізгі қағидаларына ерекше көңіл бөлді. Ол аталмыш құжат әлемдік экономика мен саясаттың тұрақсыздығы кезінде еліміздің тиімді дамуына негіз болатын қазіргі жаһандық қатерлерге тиісті жауап болып табылатынын атап өтті.
Өз кезегінде Та Нгок Тан Қазақстан мен Вьетнам арасында қалыптасқан екі жақты қарым-қатынастарының достық сипатын атап өтіп, ҚР Президенті Н. Назарбаевтың бастамасымен Қазақстанның қарқынды дамуын, сондай-ақ, саяси және экономикалық салалардағы жетістіктерін жоғары бағалады.
Та Нгок Тан Академия халықаралық сараптау, ғылыми, әлеуметтік және журналистік топтармен тығыз қарым-қатынастар орнатқанын мәлімдеді. Академия тәжірибе алмасу бойынша ынтымақтастықты белсенді дамытып келеді. Академияның тыңдаушылары келесі елдерге оқуға жолданады - Ұлыбритания, Германия, Италия, Австралия, Жапония, Корея, Сингапур, Малайзия.