• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ елдері 2015 жылдан кейінгі кезеңге арналған зілзала  қауіп –қатерін азайту мәлімдемесіне қол қойды 03.02.2015

Кездесуге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы В. Петров пен Халықаралық ынтымақтастық басқармасының сарапшысы Э. Төребекова қатысты.

Кездесуге Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ елдері төтенше жағдайлар ведомстволарының басшылары, дипломатиядық миссиялар, донорлық ұйымдарының, БҰҰ агенттіктері, халықаралық ұйымдарының  өкілдері түрінде 70-тен астам делегаты қатысты.

Кездесудің барысында қатысушылар Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ елдерінің 2015 жылдан кейінгі кезеңге арналған зілзалардың қауіп –қатерін азайту бағдардамасы бойынша Жапонияның Сендай қаласындағы БҰҰ Зілзалардың қауіп-қатерін азайту бойынша дүниежүзілік конференция барысында Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ елдерінің Министрлік кездесуінде таныстырылатын Бірлескен мәлімдемесі, Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ елдері зілзаларының қауіп-қатерін азайту саласындағы өңірлік ынтымақтастықты күшейту шекті негіздері, Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ елдері зілзаларының қауіп-қатерін азайту саласындағы өңірлік ынтымақтастықты күшейту шекті негіздерін іске асыру бойынша жоспар іс-шарасын талқылап мақұлдады.

Комитетте хабарлағандай, жоғарыда аталған бағдарламалық құжаттардың қабылдауы 2015 жылдан кейінгі кезеңге арналған зілзалардың қауіп-қатерін азайту бойынша бағдардаманың іске асыруына салмақты үлес қосады.

                                                  

 


Back to the list