03.02.2015
«Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты одан ары дамыту мүмкіндігі қаралды. ИИР Президенті Х.Руханидің 2014 жылдың қыркүйек айындағы Қазақстанға мемлекеттік сапары және сол кездегі қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру маңыздылығы аталып өтті. Атап айтар болсақ, Қазақстан-Түркіменстан-Иран бағытындағы теміржол магистралін 2014 жылдың желтоқсанында пайдалануға беру аймақтық сауданың кеңістігін кеңейтті, деп баса айтылды», - делінген сыртқы саясат ведомствосының хабарламасында.
Айта кетерлік жайт, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылдың 11 қарашасындағы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауы және «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясаты ирандық делегацияның ерекше қызығушылығын тудырды. Осы ретте ҚР СІМ ирандық инвесторлардың аталмыш бағдарламаны жүзеге асыруға атсалысуына мүдделі екенін жеткізді.
Сондай-ақ, кеңес барысында 2017-2018 жылдар аралығында Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне уақытша мүшелік ету кандидатурасын қолдағаны үшін ирандық тарапқа үлкен алғыс білдірілді.
Өз кезегінде, олар ядролық бағдарламалар туралы келіссөз жүргізудегі Қазақстанның сындарлы ролін ерекше атап өтіп, 2013 жылы осы бағытта Алматыда өткізілген және екі кезеңнен тұратын келіссөздерге алғыс білдірді.