02.02.2015
Қалалық әкімдіктен хабарлағандай, кездесу барысында М.Давданов 2013-2014 жылдарда жүзеге асырылған «Бір шаңырақ астында» әлеуметтік жобаны жүзеге асыру аясындағы шараларға тоқталып, оны ағымдағы жылы жалғастыруды ұсынды. Үстіміздегі жыл Түрікменстандағы бейбітшілік пен келісім жылы болып жарияланғандықтан Ақтауда жақын арада түркімендік кілемдердің жәрмеңкесін, жас түркімендік суретшілердің фотокөрмесін, шағын футбол бойынша достық кездесулер өткізу және қос ел арасындағы этносаралық келісім туралы фильм түсіру жоспарланған.
«Ақтау қаласындағы екі мемлекеттің байланысын нығайту қызметін Түрікменстанның сыртқы істер министрі мен Қазақстандағы Елшілігі жоғары бағалап отыр. Сонымен қатар, түркімен халқының ақиық ақыны Пырағы Мақтұмқұлының 290 жылдығына арналған халықаралық конференцияны жоғары деңгейде ұйымдастырғандарыңыз үшін алғысымыз шексіз», - деп ағынан жарылды Мақсат Давданов.
Өз кезегінде Р.Елтизаров Бас консулға көтерген бастамасы үшін алғыс білдіріп, жоспарланған шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылуына барынша күш салатынын жеткізді.