• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
БҰҰ іс-шаралар аясында азаматтық қоғам белсенділері АТОМ жобасына қолдау көрсетті 01.02.2015

«Конференция жұмысына қатысқан дүниежүзінің 800-ден астам ғалымдары, азаматтық қоғам өкілдері, студенттер мен басқа да белсенділер, БҰҰ тарихын хабардар болды және осы уақыт ішінде ұйымның 51 мүше-мемлекеттен қазіргі кезде 193 мүше-мемлекетке дейін өскенін көреміз. Делегаттар БҰҰ даму, қарусыздану, бітімгершілік және басқа да салалар бойынша қызметінің барлық бағыттары бойынша көптеген жетістіктерін мойындады», - делінген СІМ хабарламасында.

Конференция шеңберіндегі ақпарат жәрменкесі барысында БҰҰ жанындағы ҚР Тұрақты Өкілдігі іс-шараға қатысушылардың назарына ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халықаралық бастамасы – АТОМ Жобасын ұсынды.

Былтырғы жылдағыдай, қатысушылар Жобаға кең қолдау танытты.

«Делегаттар Қазақстандағы Кеңестік замандағы ядролық сынақтардың қайғылы тарихымен, ядролық қарусыздану үрдісіне еліміздің қосқан үлесімен, сондай-ақ тараптау режимін күшейтуге және ғаламдық ядролық қарусыздану саласындағы елеулі прогресске жетуге бағытталған дәйекті қадамдарымызбен танысты», - деп министрліктен атап өтті. 


Back to the list