• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасы ҚК мергендері бірлескен даярлықтан өтеді 01.02.2015

«Сабақтардың жалпы мақсаты – мергендер бөлімшелеріне даярлық, жауынгерлік іс-қимылдар жүргізу тәжірибесін беру және қысқы жағдайда бүркемелену тәртібін үйрету», - делінген хабарламада.

 Жиынға ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлерінің құрамалары мен бөлімдерінен 170-ке жуық мерген және Қырғызстан Республикасы Қарулы Күштерінің 6 өкілі тартылған.

Аталып өткендей, бұл жиын Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы бекіткен Аэроұтқыр әскерлері бөлімшелерінің мергендерін даярлау бағдарламасына сәйкес өтуде.

Мергендермен өткізілетін сабақтарды АэҰӘ құрамалары мен бөлімдерінің мергендерді даярлау жөніндегі нұсқаушылары тактикалық, инженерлік даярлық, атыс барлау даярлығы және әскери топография сияқты негізгі пәндер бойынша ұйымдастырып, өткізуде. 


Back to the list