• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстан денсаулық сақтау және әлеуметтік даму салаларында нақты жетістіктерге қол жеткізді – ЮНИСЕФ 01.02.2015

ҚР ДСӘДМ хабарлағандай,  кездесуде балалалардың тең мүмкіндіктер алуға құқығы, отбасы денсаулығын нығайту және әлеуметтік қолдау, ана мен бала бенсаулығын қорғау сияқты мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, тараптар 2016-2020 жылдарға арнап әзірленіп жатқан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен БҰҰ Балалар Қоры арасындағы ынтымақтастық жоспары шеңберінде денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау салаларындағы ынтымақтастық бағыттары жөнінде пікір алмасты. 

Сондай-ақ, кездесуде Тамара Дүйсенова ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі БҰҰ Балалар Қорымен белсенді ынтымақтастықты жалғастыратынын атап көрсетті. ЮНИСЕФ ұйымымен бірлесіп, медициналық және әлеуметтік қызметтердің салаларалық және интеграциялық үлгісін кеңейтуге бағытталған бағдарламалар мен жобалар іске асырылып, әлеуметтік маңызды іс-шаралар атқарылуда.  

Өз кезегінде Юрий Оксамитный Қазақстанда денсаулық сақтау және әлеуметтік даму салаларында нақты жетістіктерге қол жеткізілгенін айтты.

Кездесу қорытындысында тараптар Министрлік пен БҰҰ Балалар Қоры арасындағы өзара іс-әрекеттестікті әрі қарай нығайтуға ниет білдірді. 


Back to the list