31.01.2015
Қазіргі таңда төрт кеме алдағы теңіз биатлонына дайын. Ал су үсті кемесінің экипажы мен Ақтау қаласы теңіз жаяу әскері бөлімшелері жеке құрамының әскери қызметшілері жарысқа дайындық жұмыстарын бастады. Жеңіске жету үшін әр команда сайыстың барлық үш кезеңінен сәтті өтуі керек. Қазақстандық теңізшілер Ресей, Әзірбайжан және Түркменстан ӘТК әскери қызметшілерімен бірінші орынға таласатын болады.
Естеріңізге сала кетсек, «Каспий теңізі-2015» Халықаралық жарысы ағымдығы жылдың маусым-шілде айларында Ресей Федерациясының аумақтық суларында өткізіледі. Аталған іс-шара Каспий теңізі маңындағы мемлекеттердің ынтымақтастығын жаңа деңгейге шығарып, әскери қызметшілердің қарым-қатынасын достық рухында және тарихқа, ТМД қатысушы-мемлекеттердің Қарулы Күштері салт-дәстүріне деген жоғары құрмет рухында дамыту ісіне елеулі үлес қосады.