27.01.2015
Семинар қатысушылары қазақстандық экономиканың бүгінгі ахуалы мен болашақта даму мүмкіндіктері, шетел инвестицияларды тартудың жаңа іс-шаралар мен тетіктері туралы хабардар болды. «Нұрлы Жол» және «Қолжетімді тұрғын үй-2020» мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуына, сондай-ақ Астанада өтетін мамандандырылған халықаралық «EXPO-2017» көрмеге байланысты «жасыл» энергетика саласында бірлескен жобаларды іске асыру бойынша ерекше қызығушылық білдірілді, деп хабарлады СІМ.
«Екі елдің экономикалық мүдделерін ілгерілеу мақсатында «SARIO» және «KAZNEX INVEST» ҚР Елшілігінің қолдауымен 2015 жылы наурыз айында Қазақстанға бизнес-тур ұйымдастыруды жоспарлады», - делінген хабарламада.
Словак кәсіпкерлер делегациясы іссапарының негізгі мақсаты Қазақстанның нарығын зерттеу, әлеуетті серіктестермен байланыстарды орнату және ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын ашу болып табылады.