26.01.2015
Г.Әбдіқалықова Мемлекет басшысының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген жаңа экономикалық саясаттың мақсаттары мен міндеттерімен сәйкестендірілуі тиіс бірлескен инвестициялық жобаларды ойдағыдай іске асырудың маңыздылығын атап өтті.
Мемлекеттік хатшы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру экономика мен әлеуметтік саланы инфрақұрылымдық жаңғыртуға бағытталуы тиіс екенін айтты. Қазақстанда экономикалық білімді қалыптастыру үшін ғылыми әлеуетті күшейту, инновациялық жобалар шеңберінде білім мен технология трансфертін жеделдету, ұлттық инновациялық жүйенің және оның негізгі институттарының тиімділігін арттыру қажет.
Кездесу барысында тараптар Дүниежүзілік Банк мен Қазақстан арасындағы әріптестік туралы 2014 жылғы мамыр айында қол жеткізілген Деңгейлік келісімге сәйкес, сол жылы қыркүйек айында қабылданған Ынтымақтастық бағдарламасын іске асыруға байланысты бірқатар мәселелерді талқылады.
Кездесу қорытындысында адам капиталын дамыту, ғылым мен инновацияны ынталандыру, еңбек нарығының талаптарына сай келетін еңбек дағдыларын дамыту жөніндегі бірлескен жобалар бойынша ынтымақтастықты тереңдету бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.
Айта кетейік, 2014 жылы мамыр айында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік Банктің тобы арасында әріптестік туралы деңгейлік келісімге қол қойылды.