22.01.2015
«Кәрім Мәсімовтің Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) Президенті Клаус Швабпен кездесуінде қазір Давоста өтіп жатқан форумның күн тәртібі және Қазақстан мен ДЭФ арасындағы ынтымақтастықты кеңіту мәселелері талқыланды», - делінген хабарламада.
К.Мәсімов Қазақстанның экономиканы әртараптандыру саласындағы үдемелі дамуын тереңдету, сондай-ақ «Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі» рейтингісінде өз позицияларын жақсарту бойынша Қазақстанның ниеттерін атап өтті.
Сондай-ақ, Кәрім Мәсімов БҰҰ Бас Ассамблеясының экс-Төрағасы Вук Еремичпен кездесу өткізді. Тараптар әлем экономикасында қалыптасқан жағдайды, пайда болған тәуекелдер мен олардан аралу мүмкіндіктерін талқылады.
Қазақстанда «Magnesita» компаниясының қызметін дамыту мәселелері Кәрім Мәсімовтің компанияның вице-президенті Зелбер Деттонье до Насиментомен әңгімесі барысында қаралды.