• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ҚР Премьер-Министрі  Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысуда 22.01.2015

«Сапар барысында Қазақстан Премьер-Министрінің бірқатар мемлекет басшыларымен, халықаралық ұйымдар мен ірі шетел компанияларының жетекшілерімен кездесуі күтілуде», - делінегн хабарламада.

Атап айтсақ, Кәрім Мәсімов Руанда Республикасының Президенті Поль Кагамемен кездесті, кездесу барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық талқыланды.

Кездесу барысында Кәрім Мәсімов Қазақстанның  БҰҰ аясында африкалық елдермен және халықаралық ұйымдармен  тығыз қарым-қатынас орнатуға дайын екендігін айтып өтті.

Сондай-ақ, Давоста Кәрім-Мәсімов ҚХР Мемкеңесінің Премьері Ли Кэцянмен кездесті.

Әңгімелесу барысында Үкімет басшылары Қазақстан-Қытай ынтымақтастығын нығайту мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, осыған дейін келісілген келіссөздердің орындалу уақытымен бірлескен жобалардың ортақ мндеттерін қарады.


Back to the list