21.01.2015
Сенаттың баспасөз қызметі хабарлағандай, ИЫҰ парламенттік форумы аясында қазақстандық делегация Түркияның Ұлы Ұлттық Жиналысының Төрағасы Ж.Чичекпен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Түркиямен стратегиялық әріптестіктің маңызы туралы айта келіп, А.Бейсенбаев Қазақстан-Түркия ынтымақтастығының түрлі салалардағы қарқынды дамуына тоқталды және екі елдің парламенттерінде жұмыс істейтін «Қазақстан-Түркия» парламентаралық достық тобының әлеуетін жан-жақты өрістету қажеттігін атап өтті. Кездесуге сенатор Л.Тұрлашов, сондай-ақ Мәжіліс депутаты Т.Ибраев пен М.Ахмадиев қатысты.