• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Түркияда «Қазақ мәдениетінің апталығы» өтуде 18.01.2015

Түркиядағы «Қазақ мәдениетінің апталығы» аясында Ескішехир, Анкара, Болу және Ыстанбұл қалаларының ең үлкен концерттік залдарында Тәттімбет атындағы Қазақ ұлттық аспаптарының академиялық оркестрінің, Қ.Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігінің, сонымен қатар КСРО Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік жүлдесі мен К.Бәйсейітова атындағы Қазақ КСР жүлдесінің иегері, Ленин және Еңбек қызыл ту ордендерінің кавалері, колоратурлық сопраноның атақты иегері Бибігүл Төлегенованың концерттері өткізілуде.

Қазақстанның ағартушылық тобы Түркиядағы гастрольдерін түркі әлемінің 2013 жылғы мәдени астанасы болған – Ескішаһар қаласынан бастады. Қазақстанның әйгілі әншісі Б.Төлегенова және Тәттімбет атындағы академиялық оркестрі Анадолы университетінің концерттік залында өз репертуарындағы шығармаларын орындап, түрік тыңдаушысын қайран қалдырды. Тұрып тұрған залдың ду қол шапалағына тап болған Б.Төлегенованың сыңғырлаған дауысы көрермендердің ойында ұзағынан қалмақ.

Концерттен кейін Ескішехирр провинциясының губернаторы сөз сөйлеп, Түркияда «Қазақ мәдениеті апталығының» өткізілуінің мәдениет және өнер саласындағы қазақ-түрік ынтымақтастығына үлес қосатынын атап өтті. «Мен Қазақстанның адамзат мәдени-гуманитарлық мұрасына едәүір үлес қосып жатқанына куә болдым», - деп, мәлім етті ол. Өз сөзінде Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Ескішехир провинциясының Губернаторына қазақ шығармашылық тобына жылы ықылас білдіргені үшін ризашылығын білдірді.

Түрік аудиториясы Қазақстан мәдениет шеберлерінің шығармашылығын жоғары бағалады.


Back to the list