• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Жамбыл облысында ҚХР-мен 1000 га жерге ауыл шаруашылығы аймағын салу жоспарлануда 16.01.2015

«ҚХР-ға іскерлік миссиясының мақсаты -  экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастықты одан ары ілгерілету», - делінген хабарламада.

ҚХР-ның  Шэньси провинциясы Сиань қаласында Жамбыл облысының әкімі К.Көкірекбаев Шэньси провинциясы халықтық үкіметінің төрағасы Шэньси Лоу Циньцзянмен кездесті. Олар сауда-экономикалық және мәдени серіктестіктің әлеуетін талқылады.

Басқармадан атап өткендей, қытайлық «Да И» компаниясының қуаттылығы 200 Мвт жел электростанциясының құрылысына арналған жоба мен Янлин үлгі-таныстырылымдық ауылшаруашылығы аймағы басқарма комитеті тарапынан Жамбыл облысында аграрлы-инновациялық парк құру жобасы бірлескен келісімнің негізгі бөлігін құрады. 

Бұдан басқа, тараптар аграрлық саладағы жоғары технологиялы жобаларға назар аударды. Атап айтар болсақ, Жамбыл облысында үш жылдың ішінде 1000 га жерге органикалық көкеністер мен жемістерді қайта өңдейтін, мал шаруашылығының заманауи кластері мен ет және сүт өндірісі бойынша кәсіпорындар орналасатын аграрлық аймақты ашу көзделді. Жоспарланған инвестиция көлемі 950 млн доллар. 


Back to the list