15.01.2015
Осы орайда кездесуге қатысушылар Мемлекет басшысының белгілеген «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жаңа экономикалық саясаты міндеттерін орындау аясында еліміздің әлеуметтік-гуманитарлық дамуының кең ауқымды мәселелері бойынша өзара іс-қимылдың перспективаларын талқыға салды.
Г. Әбдіқалықова тараптар арасында қол жеткізілген өзара түсіністік пен ынтымақтастықтың жоғары деңгейін, сондай-ақ БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жаңғыру үдерісіне қосқан елеулі үлесін атап өтті.
Мұнымен қоса тараптар сыбайлас жемқорлықты ескертуге, қоғамның рухани-адамгершілік дамуына бағытталған тиісті шаралар тұрғысында ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты.