15.01.2015
Хабарламада айтылғандай, Сенат спикері стратегиялық әріптестік сипатын алған қазақстан-қытай қатынасының дамуына көңілі толатынын айтты. Оның пікірінше, жемісті әріптестіктің кілті ретінде мемлекет басшылары арасындағы диалогтың орны ерекше.
Қ.Тоқаевтың айтуынша, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шараларыбойынша Жиын шақырылымын қосқанда елдегі халықаралық бастамаларға айтарлықтай көмек көрсеткені үшін Қазақстан Қытайға алғыс білдіреді.
Сенат төрағасы Ұлы Жібек Жолының қытайлық тұжырымдамасын толықтай қолдайтынын, екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты одан ары жетілдіруде үлкен мүмкіндіктерге иелік ететінін айтты.
ҚХР елшісінің айтуынша, «Қытай Қазақстанды достық қатынастағы көрші ретінде ғана емес, сонымен қатар барлық қатынастарда да стратегиялық әріптес ретінде танитыны анық».