• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қызыл Крест өкілдері мен қазақстандық әскерилер бітімгершілік мәселелерін талқылады (ФОТО) 15.01.2015

«Қазақстандық әскерилер Ұлыбритания мен АҚШ Қарушы күштерінің бітімгершілік саласындағы сарапшыларымен бірлесіп «БҰҰ бітімгершілік операцияларының құқықтық аспектілері» атты арнайы курс дайындауда. Бұл ҚР ҚК бітімгершілік күштерін дайындауда қолданылады», - делінген хабарламада.

Хабарламада айтылғандай, кездесуге Қызыл Крестің халықаралық комитеті өкілдері: Пьер Эмануль Дюкруэ, Сергей Саяпин мен Зарифа Мухитдинова да қатысты. Олар бітімгершілік операциялары кезіндегі заңдылық мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар бейбітшілікті қолдау операцияларына қатысудағы қазақстандық әскерилерді дайындау үшін білім ортылығы бітімгершілік бағдарламалар дайындауда. Бағдарламаның бір элементі ретінде аталмыш курсты атауға болады.

Айта кету керек, 2014 жылдың 29 мамырынан бастап аталмыш бағыт бойынша шет елдік сарапшылардың орталыққа сапары басталған еді. 


Back to the list