• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ИЫҰ мемлекеттері азық-түлік қауіпсіздігі ұйымын құруды талқылады (ФОТО) 14.01.2015

Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, сараптамалық кеңе жұмысына ИЫҰ-на мүше 35 мемлекет өкілдері қатысты. Қазақстан делегациясын ҚР ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Ермек Көшербаев бастап барды. Ол ИАҚҰ қатысушыларын жаңа ұйым Ережесін ратификациялауды жеделдетуге және ИЫҰ өзге елдерін аталған ұйымға қосылуға шақырды. Сонымен қатар жаңа ұйым жан-жақты таныстырылып, оның шаралар жоспары жобасы талқыланды.

Шараға қатысқан барлық ИЫҰ мүше мемлекеттері ИАҚҰ құрылуы мен оның ары қарай тиімді қызмет етуінде Қазақстанға толық қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.

Сапар барысында қазақстандық делегация басшысы ИЫҰ Бас хатшысы И.Маданимен келіссөз жүргізіп, онда ҚР-мен ИЫҰ Хатшылығының көпжақты кооперациясы мәселесін талқылады.

Джидда қаласындағы тағы бір маңызды мәселесі Біріккен Араб Әмірлігінің ИАҚҰ Ережесіне қосылуы мен оның 21 мүшесі атануы болды.

Ведомстваның хабарлауынша, азық-түлік қауіпсіздігі жүйесін құру туралы бастаманы ҚР Президенті Н.Назарбаев 2011 жылдың маусым айында Астанадағы ИЫҰ Сыртқы істер министрлігінің 38-ші сессиясында ұсынып, бұл бастама ұйымға қазақстандық төрағалықтың күн тәртібіндегі басты пунктерінің біріне айналды.  

Қазіргі таңда жаңа ұйым мүшелері қатарында Қазақстан, Иран, Түркия, БАӘ, Джибути, Судан, Сомали, Комор аралдары одағы, Палестина, Мавритания, Уганда, Буркина-Фасо, Сьерра Леоне, Гамбия, Гвинея, Гвинея-Биссау, Мали, Нигер, Ауғанстан, Суринам, Ливия бар.

СІМ мәліметінше, ИЫҰ-ның құрылып отырған тобы ауыл шаруашылық саласындағы мүше мемлекеттердің жұмыстарын үйлестіріп, агроөнеркәсіп кешенді дамыту стратегиясын дайындауға, техникалық көмек көрсетуге, сонымен қатар аштыққа қарсы күресте шаралар қолдануға мүмкіндік береді. 


Back to the list