• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстан елшісі Словения Президентіне сенім грамоталарын тапсырды 14.01.2015

2015 жылғы 12 қаңтарда Любляна қаласында Қазақстан Республикасының Аустриядағы Елшісі, Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Қайрат Сарыбай Словения Республикасының Президенті Борут Пахорға Сенім грамоталарын табыс етті.

Кездесу барысында қазақстандық дипломат словендық көшбасшысына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сәлемін жеткізді. Қ. Сарыбай Қазақстанның екі ел арасындағы инвестициялардың кеңеюіне мүдделілігі мен словендық компаниялардың қатысуы үшін тиімді алаң болып табылатын Астана қаласында өтетін Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесінің маңыздылығын баса атап өтті.

«Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясаты мен индустриалды-инновациялық бағдарламаның екінші кезеңі словения компанияларының ҚР индустриалдық жобаларына қатысуына жаңа серпін беруі туралы атап өтілді.

Өз кезегінде, Б. Пахор Қазақстан Президентінің жылы лебізіне алғысын білдірді және Люблянаның қазақстан-словен қатынастарына үлкен мән беретінін жеткізді. Словения Президенті екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастыққа жоғары баға беріп, оны дамытуда айтарлықтай әлеуеттің бар екендігін атап өтті.

Ерекше назар екі ел арасындағы ғылыми және мәдени алмасулар мәселелеріне бөлінді.

Кездесу соңында Словения Президенті Б.Пахор Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ізгі тілектерін білдіріп, Елбасына ыңғайлы уақытта ресми сапармен Словенияға келуге шақырды.


Back to the list