14.01.2015
Кездесудің негізгі тақырыбы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі шеңберінде әлемде дінаралық және конфессияаралық диалогты дамыту бағытында екі ел арасындағы өзара ынтымақтастық болды. Бұған қосымша, тараптар Қазақстан мен Мысырдың бірлескен жобасы «Нұр-Мубарак» университетінің қызметіне, сондай-ақ қазақстандық студенттердің «Әл-Азхар» университетінде білім алуына қатысты мәселелерді қарастырды.
Б. Арын 2014 жылғы 17-18 қыркүйекте Астанада өткен дінаралық форум хатшылығының XIII отырысына Әл-Азхар және МАР Уақыфтар министрлігі өкілдерінің қатысулары үшін алғыс білдірді. Осы тұрғыда ол Қазақстан басшылығының Әл-Азхар шейхының мемлекетіміздің елордасында ү.ж. маусымда өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V Съезіне қатысуын күтетінін жеткізді.