13.01.2015
Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Үрімші қаласындағы «Huahe International» консалтингтік бизнес компаниясымен әріптестік келісімшарт құрды. Құжатқа сай, тарапар екі елдің кәсіпкерлері арасында тікелей іскерлік байланыс орнатып, стратегиялық инвесторлар іздеуде белсенді қызмет етпек.
Сонымен қатар Кәсіпкерлер палатасы мен «Huahe International» бірлескен жаңа кәсіпорындар ашуға келісіп, Қытайдан Қазақстан нарығына тауар мен қызметті тартуға уағдаласты.
Келісім аясында қостанайлық кәсіпкерлер ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық бойынша екінші халықаралық семинар көрмесінеқатысуға ресми шақырту алды. Аталған шара 2015 жылдың 27-29 наурыз аралығында Үрімші қаласында өтеді.
«Бұл көрме – шығаратын өнімдерін таныстырып, өздерінің аттарын таныту үшін таптырмайтын мүмкіндік. Онда сату нарықтарын кеңейту мүмкіндігі де тумақ. Қол қойылған келісімді ескере отырып ұйымдастырушылар осынау көрмеге Қостанай компанияларының қатысуы үшін 20 пайыздық арзандатылған төлемді қарастырып отыр. Қазір біз өтініштерді жинап, өңірлер делегациясын құрып жатырмыз», - дейді Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының халықаралық және өңіраралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Роберт Юсупов.