12.01.2015
Бұл жоба жақында «KTZ Express» АҚ алған климаттық бақылау қондырғысы орнатылған 45 футтық арнайы контейнерлермен жөнелтілді.
ҚТЖ-дан атап өткендей, «Rail-Air» логистикалық шешімі Чунцин (Қытай) – Дуйсбург (Еуропа) бағдарында контейнерлік пойызының жылжымалы құрамымен Достық станциясында түсіріп тиеу мен Алматы станциясы арқылы жүк жөнелтуді көздейді. Жүк әрі қарай Амстердамға KLM әуе рейсі арқылы Алматының халықаралық әуежайынан жіберілді.
Аталмыш бағдардағы 9,900 шақырымдық жолды 7 күнде жүріп өтті. Бұған дейінгі схема бойынша «Ocean-Air» жүкті 23 тен 30 күн аралығында жеткізетін. «KTZ Express» АҚ аталмыш бағдарды 2015 жылы тұрақты түрде жүргізетін болады.