• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстан және Дубай құқықтық салада ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті 10.01.2015

«Кездесу барысында Дубайдың Бас прокурорына ҚР Бас прокуроры А.Дауылбаев атынан Қазақстанға биыл сапармен келуге ресми шақыру хаты табыс етілді. Иссам әл-Хумейдан шақыруды зор ілтипатпен қабыл алып, қазақстандық құқық қорғау органдармен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілік танытты», - делінген хабарламада.

Айта кетерлік жайт, Қазақстанның Дубай және солтүстік Әмірліктердегі (Шаржа, Ажман, Умм әл-Кайуейн, Рас әл-Хейма и Фужейра) Бас консулдығы 1997 жылдан бастап жұмыс істейді. ҚР Консулдық Жарғысына сәйкес, консулдық мекемелер халықаралық құқық шеңберінде Қазақстан Республикасының, оның заңды тұлғалары және азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғайды. Қазіргі кезде Дубай және солтүстік Әмірліктерде еліміздің 5 мыңға жақын азаматтары тұрады, олардың бір мыңға жуығы – студенттер.

​Қазақстан және Біріккен Араб Әмірліктері арасында құқықтық салада бірқатар екіжақты келісім-шарттар әрекет етуде, соның ішінде қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы, азаматтық және коммерциялық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы және қылмыскерлерді ұстап беру туралы үкіметаралық келісімдер бар.


Back to the list