08.01.2015
«2015 жылы Каспий маңы елдері арасындағы халықаралық әскери ынтымақтастығы аясында Қазақстан мен Әзірбайжанның әскери теңіз күштері, яғни Қаспий флотилиясының кемелер жасағы бірлескен оқу-жаттығу өткізеді», — деп хабарлады Оңтүстік әскери округы баспасөз қызметінің бастығы, полковник Игорь Горбуль.
Бұдан басқа, оқу жаттығуға Ресейдің ӘТК қатысады. Бірлескен оқу-жаттығы барысында үш мемлекет қорғаныс шебін қалай құру керек сынды бірқатар жағдайларды пысықтайды.
Сонымен қатар, әскерилер әскери оқу-жаттығудан бөлек ,теңіз бетінде іздестіру – құтқару жаттығуларын да меңгеретін болады.