• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
2015 жыл әлемдік экономикада аумалы-төкпелі кезең болмақ 06.01.2015

«Биыл әлемдік экономикада үлкен өзгерістер орын алмақ. 2015 жыл көптеген елдер үшін қаржылық-экономикалық жағдайды реттеу мүмкіндігін ұсынғанымен, қазіргі шиеленісті жағдайды күрделендіріп жіберетін бірқатар факторлар да көлденең шықпақ», - делінген хабарламада.

Басылым дағдарыстың бірқатар факторларын алға тартады. Олар – мұнай бағасының түсуі, Еуропадағы экономикалық мәселелер мен еуроаймақтағы дағдарыспен күрес.

Мұнай бағасына келер болсақ, қара алтын бағасының құлдырауы сұраныс көлемін төмедетіп, компания шығындарын азайтпақ. Екінші жағынан, сарапшылардың айтуынша, баға төмендеуі «несиелік ауыртпалықты» тудырып, ол өз кезегінде Венесуэла мен Иран экономикасына әсер етпек. Сонымен қатар мұның АҚШ-тың энергетикалық саласына да ықпалы болады.

«АҚШ-тың алдағы жылы басты қиындығы базалық үстемақыны көтеру туралы Федералды резервтік жүйе тарапынан қабылданатын шешімі болмақ. Бүгінгі таңда ол жылына 0,25% құрап отыр, алайда бүгінгі жағдайда ол ерте ме, кеш пе әйтеуір бір көтерілетіні анық. Үстемақыны көтеру қаншалықты әсер ететі белгісіз, сондықтан инвесторлар әліптің артық бағатын болады, ал, әлемдік нарық толқиды», - делінген мақалада. 

Еуроаймаққа келетін болсақ, 2015 жыл оған болашаққа сенімсіздік әкеледі. 2014 жылы еуроаймақ туындаған қиындықтарды еңсере алмады, сондықтан бұл проблемалар келер жылы да жалғасады. 


Back to the list