• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ҚазТрансОйл ТОН-2 мұнай құбырының қазақстандық учаскесі бойынша жүргізіп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының бір бөлігін аяқтады 05.01.2015

«ТОН-2-ні күрделі жөндеуден өткізу жұмысы құбырдың қазақстандық учаскесі арқылы өтетін мұнайдың сенімді тасымалын қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатыр. Оған Қытай Халық Республикасына Қазақстан Республикасы арқылы ресейлік мұнай тасымалы бойынша ҚР мен РФ үкіметі қол қойған келісімшарт негізінде Қазақстан Республикасы аумағымен өтіп, Қытай Халық Республикасына Омск-Прииртышск-Атасу-Алашанқай бағытымен жеткізілетін ресейлік мұнай да кіреді», - делінген хабарламада.

Күрделі жөндеу жұмыстары құбырдың белгілі бір бөліктеріне ғана жүргізілді. Алдын-ала жүргізілген құбырішілік диагностика негізінде ешбір ақаусыз жылына 7 млн тонна көлемінде мұнай тасымалын қамтамасыз ету үшін құбырларды кезең-кезеңмен ауыстыруға бағытталған алғашқы іс-шаралар жүзеге асырылды. Белгіленген уақыт ішінде жүргізілген жұмысты «Ақниет БН» ЖШС 5,3 млрд теңгеге атқарып шықты.

2015 жылы «ҚазТрансмОйл» АҚ ТОН-2 құбырына қарасты қазақстандық учаскенің 145,6 шақырымын ауыстыруды жоспарлап отыр.


Back to the list