• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстан Елшісі А. Шоқыбаев Қатардың мәдениет министрімен кездесті 26.12.2014

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы саяси байланыстардың аса биік деңгейін қанағатпен атап өтіп, мәдениет саласындағы ынтымақтастықты дамыту қажеттілігінің маңыздылығына ерекше назар аударды.

Елші А.Шоқыбаев Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» халыққа жолдауына сүйене отырып, Қазақстан туралы, елде болып жатқан оңтайлы саяси және әлеуметтік реформалар туралы Министрге айтып берді. Кездесу барысында негізгі акцентті дипломат екі елдің үкіметтері арасындағы Мәдени ынтымақтастық туралы келісімге жақын арада қол қою қажеттілігіне жасады.

«Сұхбаттасын қазақстандық өнер қайраткерлердің дүниежүзіндегі жетістектерімен таныстырып, сондай-ақ Қатар басшылығының халқын классикалық музыка мен операға жақындату үшін атқарып жатқан жұмысын назарға ала отырып, Елші Дохада бүкіл әлемге танымал қазақстандық музыканттардың концерттерін ұйымдастыруды ұсынды. Сонымен қатар, дипломат ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Қатар министрінің жақын арада Астанаға сапарын күтуде екенін айтты», - делінген хабарламада.

Өз кезегінен Қатардың Мәдениет, өнер және мұра министрі Х.Әл-Кауари 2015 ж. сәуір-мамыр айларында Қазақстанға барып, өзінің әріптесімен мәдениет саласындағы ынтымақтастықтың барлық мәселелерін талқылайтынын қуаттады. Қатарлық министр оның мекемесі Қазақстан мен Қатар үкіметтері арасындағы Келісім жобасын қарастыруды аяқтап, қазақстан тарапы үшін ыңғайлы уақытта қол қоюға дайын екенін хабарлады.


Back to the list