24.12.2014
Сенім грамоталарын тапсыру рәсімінен кейін болған сұхбат барысында А.Абдраманов Кувейт Әміріне Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың ең ізгі тілектерін жеткізді. Ол Қазақстанның Кувейт Мемлекетіндегі Елшілігінің ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салаларда екіжақты қатынастарды дамытып, Қазақстан мен Кувейт қатынастарының сапалы жаңа деңгейге шығуына мүмкіндік беретінін атап өтті. Қазақстан мен Кувейт арасындағы қатынастарды одан әрі дамытуға бар күш-жігерін жұмсайтындығына сендірді.
Министрлікте хабарлағандай, сұхбат барысында ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Кувейт Мемлекетіне ресми сапарын өткізу талқыланды.
Кувейт Әмірі шейх Сабах әл-Ахмад әл-Джабер Ас-Сабах Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына жоғары баға берді. Кувейттің Қазақстанмен екіжақты және халықаралық мәселелердің кең ауқымы бойынша қатынастарды одан әрі дамытуға әзірлігін растады. Шейх Сабах әл-Ахмад әл-Джабер Ас-Сабах Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевқа өзінің ізгі тілектерін жолдап, Елші А. Абдрамановтың жұмысына табыс тіледі.