• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Малайзиялық GMM  Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезімен ынтымақтастық орнатуға мүдделі - СІМ 23.12.2014

Малайзиялық серіктес, Оңтүстік-Шығыс Азия аймағында және жаһандық деңгейде ұстамдылық үдерісін ілгерілету, азаматтық қоғам институттарын дамыту, радикалдық тұжырымдамаларға қарсы күресу мақсатында 2010 жылы Малайзия Премьер-министрі Н.Разактың бастамасымен құрылған GMM-нің басты міндеттері туралы баяндап берді. Осы орайда, Ұстамдылар күштерінің 2-ші Халықаралық конференциясы 2015 ж. наурыз айында Куала-Лумпурда өтетіні атап айтылды.  

Елші Д.Сарекенов, өз кезегінде, малайзиялық қонаққа Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің  Съезін шақыру бойынша ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы туралы айтып берді. Қазақстандық дипломат, 2015 жылдың  10-11 маусымында Астана қаласында «Діни лидерлер мен саяси қайраткерлердің бейбітшілік және даму жолындағы үнқатысуы» тақырыбындағы мерейтойлық 5-ші Съезі өтетіні туралы хабарлады. Осы орайда, діндер мен мәдениеттердің арасындағы жаһандық сұхбатты ілгерілету, төзімділік мәдениеті мен өшпенділік пен экстремизмге қарсы өзара сыйластықты дамыту секілді Съезд пен GMM-ге ортақ негізгі басымдылықтары атап айтылды. 

Сонымен қатар, ҚР Елшісі, Қазақстан мен Малайзияның этникалық және конфессиялық алуандылық бойынша айқын ұқсастығын айтып, осыған орай ерекше қоғамдық-саяси институты – Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі туралы баяндап берді. 

Кездесу нәтижелері бойынша «GMM – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі» және «GMM – Қазақстан халқы Ассамблеясы» бағыттары бойынша жүйелі байланыстар орнату, соның ішінде өзара іс-шараларына қатысу және институтаралық қатынастарды нығайту бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді. 

 


Back to the list