• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстан мен Беларусь Қорғаныс министрлері 2015 жылға арналған ынтымақтастық жоспарын бекітті (Фото) 23.12.2014

Кездесуде Қазақстан мен Беларусь қорғаныс ведомстволарының басшылары екі жақты ынтымақтастықтың ағымдағы және перспективалық мәселелерін талқылады.

Тараптар әскери және әскери-техникалық өзара іс-қимыл, әскери білім, кадрлар даярлау салаларындағы байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Көптеген жылдардан бері Қазақстан әскери қызметшілерді арнайы мамандандырылған білім алу және офицерлік құрамды оқыту үшін Беларусь Республикасының әскери жоғары оқу орындарына жіберіп келеді.

«Әскери саладағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейі тараптар мүдделілігін ғана білдіріп қоймай, қолда бар әлеуетті тиімді пайдаланып, ынтымақтастық мәселелеріне конструктивті көзқарас қалыптасқанын растайды»,- деп санайды ҚР Қорғаныс министрі.

Тараптар осы орайда «бірлескен оқу-жаттығулар өткізудегі, жауынгерлік даярлықты жетілдіруде тәжірибе алмасудағы екі ел қарулы күштерінің жедел үйлесімділігін арттырудағы үлкен мүмкіндіктерді» атап өтті.

Кездесу соңында И. Тасмағамбетов беларусьтік әріптесін кез-келген ыңғайлы уақытта Қазақстанға келуге шақырды.

Сұхабаттасушылар сондай-ақ қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге  қарсы әрекет ету, қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы ҰҚШҰ консультативтік функцияларының іске асырылуы сияқты ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттер ынтымақтастығының өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

 


Back to the list