• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ҚР СІМ-де Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымын дамыту мәселесі талқыланды 22.12.2014

Хабарламада айтылғандай, ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Арман Евниев пен Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының ұлттық үйлестірушісі Әбілқайыр Болатбаевтың баяндамасы тыңдалды.

Шет елдік дипломатиялық өкілдіктер басшылары Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы мақсаты мен міндеттемелері, тетіктері мен құрылымы туралы мәлімет алып, Мемлекет басшысының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауының негізгі бағыттарымен тілкелей байланысты азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы ислам елдерімен өзара байланыс болашағын талқылады.

«ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары ұйымға мүше мемлекеттерді аталмыш құжатты ратификациялау шараларын жеделдетуге шақырды. Ұйымның өзге мүшелерін Қаулыға қосылуға шақырды. Сонымен қатар, ұйымның жаңа органының ауыл шаруашылығы саласындағы мүше мемлекеттердің әрекеттерін үйлестіріп, агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың стратегиясы мен бағдарламасын дайындауда қолдау көрсетіп, мұқтаж мемлекеттерге техникалық көмек көрсетуге үйлестіру жұмыстарын жасайды», - делінген хабарламада.


Back to the list