19.12.2014
«Непалға барған сапарында ҚР ҚК өкілдері Бирендр бітімгершілік орталығын құру тарихымен, оның мақсат-міндеттерімен, оқу бағдарламасымен танысты. ҚР ҚК және АҚШ ҚК арасындағы «Mil-to-mil» әскери келісімшарттар жоспары аясында ұйымдастырылып отырған шара қазақстандық құрлық және аэромобильдік әскері, «Бейбітшілік жолындағы ынтымақтастық» оқу-жаттығу орталығы мен «ҚАЗБРИГ» бітімгершілік бригадасы өкілдерінің қатысуымен өтті»,- делінген хабарламада.
Бирендр бітімгершілік орталығы бейбітшілікті сақтау, өңірлік және жаһандық қауіпсіздік бойынша БҰҰ-ның барлық операцияларына қатысып келе жатқан кәсіби бітімгерлерді дайындау бойынша мойындалан халықаралық орталық болып табылады.
Естеріңізге сала кетейік, мұндай тактикалық-маманданған «Дала қыраныі» бітімгершілік оқу-жаттығуы Қазақстан, Ұлыбритания, Солтүстік Ирландия мен АҚШ-тың Қарулы Күштері бөлімшелерінің қатысуымен 2003 жылдан бері жыл сайын өткізіледі.
Оқу-жаттығу барысында БҰҰ мен НАТО ұйымдастырған дағдарысты жағдайларда әрекет ету мен бейбітшілікті сақтау әдістері пысықталып, бітімгершілік операцияларына қатысу жолдарына машықтанады.
Биыл аталмыш дала оқу-жаттығуы алғаш рет Қазақстан мен Германия сыртында өткізілді.