19.12.2014
ҚР СІМ хабарлауынша, отырыс барысында мемлекеттік грант пен сыйақы түрінде үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландырудың жаңа түрін енгізуді мақсат ететін «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ ұсынған заң жобасы талқыланды.
«Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ Президенті Нұрлан Ерімбетов жаңа модель бойынша қаржы құралдарын бөлу ережелері мен тетіктеріне қатысты ҮЕҰ өкілдерінің сауалдарына түсінік берді.
Жалпы, азаматтық қоғам өкілдерінің көпшілігі аталмыш заңды қабылдау қажеттігін айтысып, оны ҚР Парламентіне енгізгенге дейін және оны заң шығарушы орган қабырғасында қабылдау кезінде де жетілдіруге ат салысуға ниетті екендіктерін жеткізді.