18.12.2014
Форумда заң үстемдігін қамтамасыз етудегі прокурорлар ролінің артуы, трансұлттық қылмыстылыққа қарсы күресте қадағалаушы органдардың өзара ықпалдастығы тиімділігінің жоғарылауы мәселелері, қазіргі әлемдегі өзге де өзекті қауіп-қатерлер талқыланды.
«Форум мінбесінен сөз сөйлеу барысында Қазақстан Бас Прокурорының бірінші орынбасары ЕКПП диалогы алаңының халықаралық ынтымақтастықты тереңдетудегі, трансұлттық қылмысқа бірлесе қарсы тұру жолдарын іздестірудегі маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар ол ЕКПП басшылығына осы ұйымның бақылаушы мәртебесін алу бойынша ресми өтінімді тапсырды», - делінген хабарламада.
Қатысушылардың ортақ пікірі бойынша, күн тәртібіндегі мәселелерді талқылаудың өзектілігі халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғау бойынша әртүрлі елдердің қадағалаушы органдарының күштерін жұмылдыру бойынша стратегиялық міндеттерімен байланысты болып табылады.
Отырыстың қорытындысы бойынша дәйектеме қабылданып, онда қатысушылар халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайын екендіктерін білдірді.
Іссапар барысында И.Меркель Италия, Германия, Ресей, Венгрия, Сербия, Словакия, Монако, Молдова, Украина, Түркия бас прокуратураларының, сондай-ақ Халықаралық прокурорлар қауымдастығы және Еуропалық прокурорлар консультативті кеңесі сияқты халықаралық ұйымдардың басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді.
Еуропалық прокурорлар консультативті кеңесі Еуропа Кеңесі Министрлер комитетінің жанындағы консультативті орган болып табылады, оған Еуропа Кеңесінің 40-тан астам мүше-мемлекеттері және бақылаушы мәртебесіндегі 5 мемлекет кіреді. ЕКПП заң үстемдігі, адам құқықтарын қорғау, құқықтық реформаларды жүзеге асыру, трансұлттық қылмыспен күресте халықаралық ынтымақтастықты күшейту идеяларын алға тартады.