• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
К. Мәсімов: ШЫҰ Үкімет басшыларының келесі отырысы 2015 Қытайда өтеді (ФОТО) 15.12.2014

«Үкімет басшыларының келесі отырысы 2015 жылы Қытайда өтетінін мәлімдеймін», - деді Кәрім Мәсімов.

Сонымен қатар, Қазақстан Премьер-Министрінің айтуынша, Қытай тарабы Қазақстан Үкіметіне Қазақстан аумағында шикізаттық емес сектор  қуаттылығын алмастыру жобасын ұсынуда.

«Екіжақты форматта, ШЫҰ елдерінің барлығында кеңінен танылатын бірінші жоба ретінде ҚХР Қазақстан Үкіметіне Қазақстан аумағында шикізаттық емес сектор  қуаттылығын алмастыру жобасын ұсынуда.Осы арқылы миллиардаған қаражат айналатын келісмшарттардың құрылатыны белгілі. Біз аталмыш ұсынысты қуана қабыл алдық. Экономикалық белсенділіктің бәсеңдеген кезінде бұл біз үшін үлкен мүмкіндік», - дейді Мәсімов.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстан астанасында ШЫҰ Үкімет басшылары кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Онда ұйымға мүше мемлекеттер бірлескен коммюникеге мен ұйымның қызметіне қатысы бар бірқатар құжаттарға қол қойды.

Индира Қауметова

Суретке түсірген Азамат Алиев


Back to the list