• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
К. Мәсімов:  2025 жылға дейінгі ШЫҰ даму стратегиясын  қатысушы-елдер ұйымы әзірлейді 15.12.2014

 «Әлемдік экономикада жалғасып жатқан тұрақсыздық, экономикалық белсенділік қарқыныны төмендеп жатқанда, әлемде жұмыссыздық пен әлеуметтік шиелініс артып жатқанда ШЫҰ өзінің одан ары қарай даму жолдарын іздестіріп жатыр. Осыған орай біз 2025 жылға дейінгі ШЫҰ даму стратегиясын жасау жолында кешенді жұмыстарды жүргізуіміз қажет. Ол ұйым әлеуетін кеңірек ашуға, нығайтуға, дер кезінде заманауи қауіп-қатерлерге төтеп беруге мүмкіндік береді. Осылайша ұйым қызметінің қарқындылығын арттыра түсеміз», - дейді К.Мәсімов.

Үкімет басшысы ШЫҰ-дың қабылданатын стратегиясын ескере отырып, 2017-2021 жылдар кезеңін дамыту жобасы аясында  қолданыстағы көпжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша іс-шаралар жоспарын түгендеу қажет екенін атап өтті.

«Отырыстың қорытындысы бойынша тиісті министрліктерге келесі біздің кездесуімізге дейін аталған құжаттар жобасын нақты жобаларды ескере отырып әзірлеу тапсырылады», - дейді Премьер-Министр.

Айта кетейік, Бүгін Астанада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесі аясында ұйымға қатысушы мемлекеттер көшбасшылары кездесуде. Кеңес отырысына Қазақстан Премьер-Министрі К.Мәсімов, Ресей – Д.Медведев, Қырғызстан-Д.Оторбаев, Тәжікстан – К.Расулзада, Өзбекстанның премьер-министрінің бірінші орынбасары Рустам Азимов пен ҚХР Мемкеңес Премьері Ли  Кэцян қатысуда.

Индира Қауметова 


Back to the list