• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Астанада ШЫҰ-ға мүше елдер Үкімет басшыларының отырысы өтуде 15.12.2014

Кеңес отырысының басты тақырыбы ШЫҰ мемлекеттері арасындағы сауда-экономикалық және гуманитарлық байланысты нығайту мен жаһандық және өңірлік экономикадағы ахуалдарға байлантысты қатынас құру мәселесі болмақ деп күтілуде.

Сонымен қатар, азық-түлік қауіпсіздігі, инвестиция тарту, ШЫҰ елдері бизнесінің қатынасы және де тасымал және білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелері де назарға алынбақ.

ШЫҰ үкімет басшылары кездесуінің қорытындысы бойынша, бірлескен коммюнике, келер жылғы ұйым бюджетін бекіту мен мүше мемлекеттердің кедендік ынтымақтастығын кеңейту туралы құжатқа қол қою жоспарланған.  

Кеңес отырысына Қазақстан Премьер-Министрі К.Мәсімов, Ресей – Д.Медведев, Қырғызстан-Д.Оторбаев, Тәжікстан – К.Расулзада, Өзбекстанның премьер-министрінің бірінші орынбасары Рустам Азимов пен ҚХР Мемкеңес Премьері Ли  Кэцян қатысуда.

Айта кету керек, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы – құрамын кеңейту мүмкіндігіне ие кең халықаралық ынтымақтастыққа бағытталған қазіргі таңдағы тұрақты үкіметаралық ұйымы болып табылады.

Ұйым 2001 жылғы 15 шілдеде Шанхай қаласында алты мемлекеттің (Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан) бастамасымен құрылған үкіметаралық халықаралық ұйым. ШЫҰ-ның ізашары "Шанхай бестігі" болды, ал Шанхай әріптестігі Қытай, Ресей,Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан арасындағы шекарадағы әскери күшті қысқарту және сенім шараларының күшейтілуімен жүзеге асырылды. 2000 ж. Өзбекстанпрезиденті Душанбеде өткен саммитке қатысты. бұл бес мемлекет басшыларының алғашқы кездесуі Шанхайдаөткендіктен әріптестіктің бұл тетігі "Шанхай бестігі" деп аталды. 2001 ж. маусымда "Шанхай бестігінің" бес жылдығына орай мүше-мемлекеттер басшылары және Өзбекстан президенті Шанхайда кездесті. Ал ұйымның бақылаушы мемлекеттері Монғолия, Үндістан, Иран, Пәкістан мен Ауғанстан. Биылғы жылдық қыркүйек айында Пәкістан мен Үндістан ұйымға кіруге ресми өтініш берді. Сонымен қатар Иран да ұйымға енуге ниетті. Ал Шри-Ланка мен Армения бақылаушы мемлекеттер мәртебесін алуға өтініш беруде. Сонымен қатар Беларусь, Шри-Ланка мен Түркия «Диалог әріптестері» мәртебесіне ие. 


Back to the list